{metadescription}
Иранның оңтүстігінде 19 тонна есірткі тәркіленді

Иранның оңтүстігінде 19 тонна есірткі тәркіленді

Бушер провинциясының есірткіге қарсы күрес кеңесінің бас хатшысы 19 тонна есірткі тәркіленгенін хабарлады.

Арасту Торкаманманэш осы жылдың басында аталмыш провинцияда 19 тонна 640 келі есірткі тәркіленгенін мәлімдеді.

«Есірткі көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  20%-ға артқан», - деп мәлімдеді ол.

«Теңіз арқылы есірткі тасымалдауға тоқталар болсақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, Ислам революциясы сақшылары корпусы күштерінің қырағылығының арқасында Бушер провинциясында теңіз арқылы тасымалданған есірткі айналымының 14 тонна 425 келісі тәркіленген», - деді ол.

Иран полициясы жыл сайын опиумның әлемдік айналымының - 80, героин мен морфиннің 40 пайызын тәркілеуде.   

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде