{metadescription}
Ауғанстанның солтүстігінде 17 содырдың көзі жойылды

Ауғанстанның солтүстігінде 17 содырдың көзі жойылды

Ауғанстан үкімет күштері Қайсар ауданында жасырынып жатқан «Талибан» қозғалысына соққы жасады, нәтижесінде 17 содырының көзі жойылды.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, Үкіметтік күштер Қайсар ауданында жасырынып жатқан талибтерді әуеден атқылып, шабуыл жасаған. Атыс кезінде 17 содыр мерт болған, оның ішінде командирлері Маулави Есмат та бар.

Сонымен қатар, атыс кезінде қауіпсіздік күштерінің үш қызметкері қаза тауып, төртеуі жарақат алған, деп жазады baq.kz. «Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға байланысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасамаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде