{metadescription}
Әкімдер көпбалалы отбасылар жағдайымен жеке танысады

Әкімдер көпбалалы отбасылар жағдайымен жеке танысады

Қарағанды облысында қала және аудан әкімдеріне көпбалалы отбасылардың жағдайын білу үшін аулаларды аралап шығу тапсырылды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әлеуметтік мәселелерге қатысты тапсырмалар берді. Өңір басшысының пікірінше, әрбір әкім өзінің аумағындағы тұрғындардың проблемаларымен жеке таныс болуы тиіс, деп жазады inform.kz.

«Барлық әкімдер көпбалалы аналардың қалай өмір сүретінін білу үшін аулаларды аралап шығуы керек. Олармен бетпе-бет жүздесіп, қандай көмек қажет екенін біліңіздер», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы жұмыспен қамту саласындағы әрекеттерді күшейтуді талап етті. Ол жұмыс берушілермен болатын шиеленістердің дер кезінде алдын алу үшін еңбек қатынастарын бақылап отыруға шақырды.

«Бақылаушы және қазыналық органдармен бірлесіп қауіптерді басқару жүйесін әзірлеу қажет», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Өңір басшысы кадрлардың сұранысқа ие болуына да баса назар аударды. Ол колледж түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша толық талдау жасауды тапсырды. Бұл ретте облыс әкімі дуалды оқыту жүйесін дамыту қажет деп есептейді.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде