{metadescription}
Дәрігерлер жаңа туған нәрестені аман алып қалды

Дәрігерлер жаңа туған нәрестені аман алып қалды

Сәби орталық жүйке жүйесі дамымай, бас миының жарығы диагнозы қойылды.

Емдеудің алғашқы сатысы сәтті өткен. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Нәресте Маңғыстау облыстық перинатарлық орталықтан облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған, нәтижесінде дәрігерлер сәтті ота жасады.

«Дәрігерлер бала ауыр отадан аман қалады деп кепіл берген жоқ. Алайда сәби күші жетіп, отаны көтере алды. 20 күннен соң бас миының жарығына тағы бір ота жасалады. Оны Астана қаласындағы нейрохирургиялық орталықта жасайды. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық», – дейді денсаулық сақтау басқармасында.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде