{metadescription}
Қытайда екі метрлік жұмбақ жаратылыс жұрттың үрейін ұшырды

Қытайда екі метрлік жұмбақ жаратылыс жұрттың үрейін ұшырды

Саябақ әкімшілігі туристер үшін су қоймасын жауып, жағалауға ескерту тақта орнатып қойды.

Гуанчжоуда су астында тасбақаға ұқсайтын тіршілік иесі пайда болып, саябақ туристері мен қызметкерлерінің назарын аударды. Қытайдың Гуандун провинциясындағы Байюнь көлінің саябағында бірнеше күн бұрын туристер мен бақылаушы қызық жаратылысты байқап қалған.

«Оның арқасы қара түсті және тасбақаға ұқсас болды, – деді саябақ қызметкері жергілікті БАҚ-қа. – Кейін оның басы көрінді, ол жыланның басына ұқсайды».

Оның айтуынша, балықтың ұзындығы кемінде екі метр болған. Саябақ әкімшілігі туристер үшін су қоймасын жауып, жағаға  ескерту тақта орнатып, көлдің жұмбақ тұрғынын іздеуге кірісті. Қауіпсіздік қызметінің басшысы судағы ерекше жаратылыс туралы бұған дейін белгілі болғанын, бірақ оны анықтай алмағандарын мәлімдеді.

Іздеу төрт күнге жалғасты. Мамандар миссисипилік сауытты балықтың екеуін ұстады. Балықтардың ұзындығы 1,2 метр және 0,9 метр болып шықты. Қызметкерлер олар саябақтың көліне Чжуцзян өзені арқылы келуі мүмкін деп болжады.

Миссисипилік сауытты балық тұщы судағы ең ірі балықтардың бірі саналады. Оның ұзындығы үш метрге жетеді, ал салмағы 130 килограмнан асады. Олар Солтүстік және Орталық Америкада тіршілік етеді, алайда кейде табиғи таралу аймағынан тыс жерлерде де кездеседі. Атап айтқанда, миссисипилік сауытты балықты  Каспий теңізінде, Үндістанда, Гонконг және Сингапурде көргендер бар.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде