{metadescription}
Әйелдің ұшақта босанған сәті видеоға түсіп қалды

Әйелдің ұшақта босанған сәті видеоға түсіп қалды

Сан-Хуаннан (Пуэрто-Рико) Форт-Лодердейл қаласына  (АҚШ) ұшып бара жатқан JetBlue ұшағында әйел босанып, ұл тапты.

Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Онда ұшақтағы медицина қызметкерлері әйелді босандырып жатқанын, ал жолаушылар оны өз орындарынан бақылап тұрғанын көруге болады

"Біз борттағы экипаж мүшелері мен дәрігерлерге оқиға кезінде есеңгіреп қалмай шұғыл әрекет еткені үшін алғысымызды білдіреміз", - дейді аталған әуе компанияның корпоративті коммуникациялар жөніндегі менеджері Дженнифер Данг.

Айта кетейік, 2018 жылдың наурызында ресейлік турист Дахаб курортты қаласындағы теңізде босанған. Бұл сәтті жақын маңдағы үйлерде тұратын тұрғындар фотоға түсіріп алыпты. Суреттен әйелдің шомылып болған адамдай теңізден шығып келе жатқанын, ал оның күйеуі кіндігі кесілген баласын қолында ұстап тұрған сәтін көруге болады.

"Анасының жағдайы жақсы. Аталған рейсті біз жаңа туған клиентіміздің құрметіне Born to be Blue деп атағымыз келеді", - делінген JetBlue компаниясының аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдемесінде.

 

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.