{metadescription}
Жүк көлігі тойға келген адамдарды басып кетіп, 13-і мерт болды

Жүк көлігі тойға келген адамдарды басып кетіп, 13-і мерт болды

Үндістанның Раджастхан штатында үйлену тойы кезінде жүк көлігі адамдарды басып кетті.

Апат салдарынан 13 адам қаза тапты және 15-і жарақат алды, деп хабарлайды NDTV телеарнасы. Оқиға дүйсенбі күні кешкісін Пратапгарх округі Амбавали (Ambawali) елді мекенінде болған. Тасжолдың бойындағы той қызып жатқан кезде жүк көлігі адамдарды басып кеткен.

Телеарна хабарлағандай, зардап шегушілердің арасында қалыңдық та бар. Олар ауруханаға жеткізілді.  Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде