{metadescription}
Намазды дұрыс оқымаған өгей баласын ер адам ұрып өлтірді

Намазды дұрыс оқымаған өгей баласын ер адам ұрып өлтірді

23 жастағы жігіт намаз оқығаны көңілінен шықпаған өгей баласын аяусыз ұрып өлтірген.

Шымкентте Еңбекші аудандық соты намазды дұрыс оқымағаны үшін өгей баласын ұрып өлтірген тұрғынды 8 жылға бас бостандығынан айырды. 23 жастағы тұрғын қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айыпты деп танылды.

«Сот оның бұрын сотты болмағанын, тағылған айыпты толық мойындайтынын, істеген ісіне шын өкінетінін ескеріп, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деді қалалық соттың баспасөз xатшысы Қабыл Дүйсенбі.

Шымкент тұрғыны былтыр желтоқсан айының басында Қарабастау ауылындағы үйінде 5 жасар өгей ұлын «Құптан» намазын  дұрыс оқымағаны үшін аяусыз ұрған. Денсаулығына ауыр зиян келгеніне қарамастан тек бір күннен кейін баланы ауруxанаға жеткізеді. Алған дене жарақатынан ол қалалық балалар ауруxанасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Сотталушы жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтейді.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде