{metadescription}
«Тегін тамақ, тегін жолақы» Сұлтанов жаңа әлеуметтік пакет жайлы айтты

«Тегін тамақ, тегін жолақы» Сұлтанов жаңа әлеуметтік пакет жайлы айтты

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде жастарға жасалып жатқан жағдайларға тоқталды.

Сұлтановтың айтуынша, елордалық жастарды қолдау мақсатында «Астана жастары-2019» жол картасы әзірленген.

«Құжатқа енген шаралар – жастарды демеп жіберу, дұрыс бағытқа жетелеу, бойындағы талантын танып, тамырын жаюына жағдай жасау», - деді қала басшысы.

Әкім биыл Астанадағы Жастар сарайы өзгеретінін атап өтті. Ол жастардың мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, барлық бастамасын іске асыратын ордасына айналмақ.

«Жалпы табысы үш ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аспайтын көп балалы отбасылардан шыққан балаларға Астананың жоғары оқу орындарында білім алу үшін жеке гранттар ұсынылады. Бұл қосымша 25 миллион теңге», - деді қала басшысы.

Сонымен қатар, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын алу үшін бейінді және техникалық білім беру мекемелерінде қосымша 1 мың грант қарастырылған.

«Оқу кезінде толық әлеуметтік пакет ұсынылады, яғни оның ішіне тегін жолақы, тегін тамақ, жатақханада тегін тұру, стипендия кіреді. Менің ойымша, бұл студенттер үшін тамаша жаңалық», - деді Сұлтанов.

Бұған қоса, Астананың жоғары оқу орындарын бітірген жастар  «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналаса алады. Ал «Бизнестің жол картасы» бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.