{metadescription}
Түркістанда кісі өлімін жасырған полицейлер ұсталды

Түркістанда кісі өлімін жасырған полицейлер ұсталды

Түркістан қаласы полиция басқармасының тергеушілері Калдибеков пен Калиев кісі өлімін жасырды деген күдікпен ұсталды.

Тергеу бөлімінің басшысы Сарманов та қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстан бас прокуратурасы хабарлады. Прокуратураның хабарлауынша, қамалған полиция қызметкерлері "В. Сухаревтің қазасына қатысы күдіктіні дәлел бола тұра ұстамаған және қылмыстық жауапкершілікке тартпаған" деген күдікке ілінген.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, облыстық полиция департаменті басшысының бұйрығымен Түркістан полиция басқармасының орынбасары қызметінен босатылды. Полиция Сухарев өлімі бойынша қылмыстық істі қайта тергеуді бастап, күдіктіні қамауға алған. Бұл істі бас прокуратура қадағалап отыр.

Дереккөз: azattyq.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде