{metadescription}
Бас прокурорды өлтірген 9 адамды дарға асты

Бас прокурорды өлтірген 9 адамды дарға асты

Мысыр билігі сәрсенбі күні 2015 жылы елдің бас прокуроры Хишама Баракатты өлтірген тоғыз адамға қатысты үкімді орындады.

Бұл туралы "Аль-Хадас" телеарнасы хабарлады. Бас прокурорды өлтіру ісі бойынша 67 адамнан жауап алынған, олардың 16-сына іздеу салынған. 2017 жылдың шілдесінде 28 айыпталушы республиканың бас прокурорына қарсы қаскүнемдікке дайындалғаны және жүзеге асырғаны, сондай-ақ ату қаруын, жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді.

Хишам Баракаттың көлігін  2015 жылы 29 маусымда қасақана жарған еді. Тұрақта тұрған көлікке бомба қойылғаны анықталды. Бас прокурор ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде