{metadescription}
4 ер адам жабылып зорлаған қызға такси жүргізушісі де тиіскен

4 ер адам жабылып зорлаған қызға такси жүргізушісі де тиіскен

17 жастағы оқушы қызды интернетте танысқан жігіт достарымен бірге жабылып зорлаған. 

Санкт-Петербург тергеушілері 17 жастағы мектеп оқушысын жабылып зорлау оқиғасы бойынша іс қозғады. Бұл туралы қаланың Тергеу комитеті басқармасы хабарлаған. Бастапқы деректер бойынша, 19 ақпанда екі ер азамат оқушы қызды пәтерде жабылып зорлапты.

Тергеушілер күдіктілер мен жәбірленушінің телефонына түсірілген фото мен видеоны зерттеп, куәгерлер мен қыздың өзінен жауап алды. Бұдан бұрын "Московский комсомолец" басылымы оқушыны бес ер адам зорлағанын жазған болатын.

Басылым мәліметіне сүйенсек, бойжеткен 27 жастағы ер адаммен интернетте танысқан екен. Жігіт оқушы қызбен сабақтан соң кездесіп, ішімдік ішкізіп, үйіне алып кетеді. Онда ер азаматтың тағы үш досы болған. Бәрі жабылып жасөспірімді зорлайды.

Содан кейін қызбен танысқан жігіт жәбірленушіден құтылу үшін, көшеге тастап кеткен. Бойжеткенді 36 жастағы такси жүргізуші тауып алып, өз көлігінде зорлап, кейін аялдамаға қалдырып кетеді. Басылым атап өткендей, оқушы қызға суық тиіп, пневмонияға шалдығыпты.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.