{metadescription}
Димаш пен Данэлия Американы тағы да таңғалдырды

Димаш пен Данэлия Американы тағы да таңғалдырды

Американың The World's Вest байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жатқан Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың өнер көрсеткен видеосы жарияланды.

Отандастарымыздың екеуі де үшінші турға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  The World's Best байқауында өнер көрсеткен видеосы жарияланды Қазақстандықтар Димаш пен Данэлия үшін Twitter-де дауыс бере алады «The World's Вest» байқауының Инстаграм парақшасында жарияланғандай, Димаш All by Myself әнін орындады. Айта кетерлігі, әнші осы әнді Қытайда өткен «Мен әншімін» байқауында да шырқаған еді.

Сол секілді «The World's Вest» байқауының Инстаграм парақшасында қазақстандық әнші Данэлия Төлешованың екінші турда жеңіске жеткен видеосы пайда болды. Екінші турда жапониялық Манами Ито атты скрипкашымен бақ сынасқан отандасымыз бұл жолы да төрешілерді таңғалдырды. Әнші Украинадағы «Голос. Дети» байқауының алғашқы кезеңінде орындаған «Stone Cold» әнін нақышына келтіре орындап, қарсыласынан ұпай саны бойынша басым түсті.

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде