{metadescription}
Шымкентте ер адам кісі өлтіріп, мәйітін көмбек болған

Шымкентте ер адам кісі өлтіріп, мәйітін көмбек болған

Үйіне келген қонағын бауыздап, мәйітін көміп тастамақ болған 44 жастағы шымкенттік ер адам құрықталды.

Тәртіп сақшылары күдіктіні мәйітті өз үйінің аумағында көміп жатқан жерінен ұстаған. Ақпанның 15-не полицияның 102 нөміріне «Қайнарбұлақ» елдімекенінің тұрғыны хабарласып, көрші жігіттің бауыздалған мәйітті көмбек боп жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен шұғыл іздестіру тобы 1975 жылы туған ер адамды қылмыс үстінде қолға түсірген.

Күдікті өз үйіне қонаққа келген жәбірленушімен араздасып қалып, төбелескені анықталған. Үй иесі пышақ алып жәбірленушінің мойынын жарақаттаған. Қонағы есін жоғалтқанда бауыздап тастаған. Қылмысын жасырмақ болып аулаға мәйітті көмбек болған. Күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр.

«Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды. Оған ҚР ҚК — нің 99 бабы, 1-ші бөлігі , «қасақана кісі өлтіру» бойынша айып тағылған»-деп хабарлайды судья Сержан Айнабеков.

Дереккөз: otyrar.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.