{metadescription}
Жаңа туған ұлының фотосын жариялаған тележүргізуші сынға ұшырады

Жаңа туған ұлының фотосын жариялаған тележүргізуші сынға ұшырады

Энди Коэн әлеуметтік желідегі парақшасына сәбиінің суретін жүктегенде, сынға ұшырайтынын күтпеген сияқты.

Америкалық тележүргізуші Энди Коэн Instagram желісінде жаңа туған ұлының суретін жариялаймын деп ел-жұрттың сынына қалды. Желі қолданушылары жалғызбасты әкені баланы күте алмайды деп айыптады, деп жазады The Sun. Cуретте Коэннің ұлы Бенджамин төсегінде ұйықтап жатыр.

"Жөргекке орап қойдық..." – деп жазып қойыпты жүргізуші.

Фотоға мыңдаған адам пікір жазып қалдырған. Көпшілігі жаңа туған сәбиге жүрегі елжіреп жатса, кейбіреулер Коэнді қатты сынға алды. Желі қолданушыларының пайымдауынша, ол сәбиді дұрыс орамапты, бөбек еркін қимылдап, демала алмай жатыр.

"Қатты тартып орап тастағаны несі", - деп атап өтті оқырмандардың бірі. "Бұл өмірде балалар құрттың кебін кимеуі тиіс", - деп ашуланды тағы біреу.

Тележүргізуші елдің ақыл-кеңесінің астында қалды. Адамдар оның балаға үлкендеу төсек алып, бірнеше жастық төсеп қойғанын байқап, кейін сәбидің қозғалуына кедергі жасауы мүмкін екенін ескертті.

"Алып тастауды ұмытпа", - дейді ақылгөйлер.

Коэннің фанаттарының бірі қалжыңдап жазғандай, әке болудың ең қиыны – жұрттың түрлі сын-пікіріне төтеп беру. Ол жүргізушіні мінегеннің орнына, керісінше, отбасындағы қуанышын бірге бөлісуге шақырды.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.