{metadescription}
Із-түссіз жоғалып кеткен қостанайлық жастар Алматыдан табылды

Із-түссіз жоғалып кеткен қостанайлық жастар Алматыдан табылды

20 қаңтардан бері іздеу салынған қостанайлықтар аман-есен табылды.

Белгілі болғандай, Қостанай қаласының тұрғыны Мәдина Байзақова да 20 қаңтар күні із-түссіз жоғалып кеткен.

«Полицейлер жоғалып кеткен Мәдина Байзақова мен Елдос Дүйсеновтің мекенжайын анықтады. Ол екеуі Алматы қаласында жүрген. Қазіргі уақытта Мәдина Қостанай қаласына келді. Ал Елдос Дүйсенов Алматыда. Олардың жағдайлары жақсы», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімінің полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен Елдос Дүйсеновке іздеу жариялады. Кейін оның анасы әлеуметтік желілер арқылы баласына бейнежазба жолдады.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.