{metadescription}
Ресейде жол апатынан 5 қазақстандық зардап шекті

Ресейде жол апатынан 5 қазақстандық зардап шекті

Ресейдің Екатеринбург қаласының маңында жол апатынан 5 қазақстандық зардап шекті.  

«21 ақпанда Екатеринбург қаласының жанында орын алған жол апатынан Қазақстанның бес азаматы зардап шекті. Олар мінген Mercedes-Benz Sprinter шағын автобус қар тазалайтын техникаға соғылған.  Көлік жүргізушісі Қазақстан азаматы. Қазан қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы жергілікті билікпен шұғыл байланысқа шығып, дипломаттар Екатеринбургтегі қазақ диаспорасының өкілдерімен бірге зардап шеккен отандастарымызға барлық қажетті көмек көрсетуде», - делінген хабарламада. 

ҚР Қазандағы Бас консулы Еркін Тұқымов және жергілікті қазақ диаспорасы ұйымының жетекшісі зардап шеккен азаматтармен ауруханада кездесті. Бас консулдың Свердлов облысы Халықаралық және экономикалық байланыстар жөніндегі министрімен кездесуі барысында біздің азаматтарға барлық медициналық көмек көрсетуді сұрады. Өңірдің Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті тапсырма берілді.

«Қазіргі уақытта үш әйел ауруханада, олар өз естерін жиған және қалпына келтіру терапиясынан өтуде. Қалған екі әйел алған жарақаттарының айтарлықтай еместігіне байланысты ауруханадан шығарылған. Көлік жүргізушісі жарақаттардың жоқтығына байланысты ауруханаға барудан бас тартты», - делінген хабарламада.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған мәселені Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығы бақылауына алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде