{metadescription}
Түркістан облысында оқушы автобус астына түсіп қаза тапты

Түркістан облысында оқушы автобус астына түсіп қаза тапты

Түркістан облысы Келес ауданында 5-сынып оқушысы оқушылар тасымалдайтын автобустың астына түсіп, қаза тапты.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті де растады. Келес ауданындағы Бөгенбай батыр ауылының тұрғыны Бектұрсын Сәтбаевтың айтуынша, 11 жастағы баласы Мейрамбек Рысбеков төрт шақырым жердегі Ақсу ауылындағы мектепте оқыған. Сабаққа өзге оқушылармен бірге арнайы жалданған автобуспен барып жүрген.

"Таңертең сабаққа кетті. Ескі автобусқа 60 шақты оқушы мінген. Сынып жетекшісі балама автобустың есігін қарауылдатып қойған. Балалардың айтуынша, шамамен бір шақырым жүргенде автобустың алдыңғы есігі ашылып, балам құлап, астына түскен. Сонда да автобус тоқтамай, мектепке кеткен. Баламды өлім жатқан жерінен ауыл тұрғындары тауып алған" дейді Бектұрсын Сәтбаев.

Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабы бойынша іс қозғалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Түркістан облыстық білім басқармасының дерегінше, облыста 159 ауылдан 13 мыңға жуық баланы 160 қоғамдық көлік жақын маңдағы мектептерге тасымалдайды және тағы 50 автобус қажет.

Дереккөз: azattyq.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.