{metadescription}
Атырау облысында полицей дәмхана иесін соққыға жыққан

Атырау облысында полицей дәмхана иесін соққыға жыққан

Істің басты айғағы - оқиға видеосының арқасында болған жайттың анық-қанығы белгілі болды. 

Атырау облысында Құрманғазы аудандық соты 2018 жылдың шілдесінде әріптесімен бірге дәмханада отырып, мекеме иесін ұрып-соққан полицейге үкім шығарды. Оқиға 2018 жылы 1 шілдеде болса да, видеосы тек қазан айында әлеуметтік желілерде тарай бастаған.

Видеоны тексеру барысында анықталғандай, ойын-сауық мекемесінің иесі Нұрсейіт Әбуов пен екі полицей жанжалдасыпты: Құрманғазы АІІБ майоры Әміржан Ертаев пен Құрманғазы АІІБ басшысының орынбасары Жасұлан Мұқашев.

Жағдай ушығып кеткенде Ертаев сыра саптыаяғымен дәмхана иесінің басынан бір-ақ ұрады. Ал Мұқашев жәбірленушіге агрессия көрсеткенімен, қол көтермей, керісінше екеуін ажыратып, төбелесті тоқтатуға тырысқан. Сол себепті Жасұлан Мұқашевқа қатысты іс қозғалған жоқ. Алайда дисциплиналық жауапқа тартылып, қызметіне толығымен сай келмегені туралы ескерту жасалды.

Видео әлеуметтік желіде тараған бойда Ертаевқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіле бастаған. Ол кінәсін мойындап, прокурормен процестік келісімге келді. Сот Ертаевты айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Сонымен қатар бұрынғы полицей майор шенінен айырылып қалды. Бұдан бөлек, моральдық және материалдық шығын ретінде жәбірленушіге 232 мың теңге төлеуі тиіс.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде