{metadescription}
Алматыда бір отбасының 7 адамы иістен уланып қалды

Алматыда бір отбасының 7 адамы иістен уланып қалды

Алматының Наурызбай ауданында бір отбасының жеті адамы иісті газдан уланып, ауруханаға түсті.

Оқыс оқиға Наурызбай ауданы Шұғыла шағынауданындағы жеке үйлердің бірінде болған. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар 22 ақпанда таңғы 6:38-де келіп түскен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері отбасының қатты отынды пештен уланғанын анықтады. Үйдің үлкендері пештің есігін қаттырақ жабуды ұмытып кеткен.

 «ТЖД өкілдері келгенде иісті газдың пештен шығып жатқанын анықтады. Пештің есігін үлкендер жақсылап бекітуді ұмытқан. Мұның алдында  бұл отбасыға ТЖД өкілдері келіп, жылыту маусымындағы қауіпсіздік туралы түсіндіру  жұмыстарын жүргізген», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, ауруханаға отбасының 7 мүшесі бірдей түскен. Оның 5-еуі - балалар. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта ауруханаға түскен отбасы мүшелерінің жағдайы жақсы. Бәрі де уытсыздандырғыш терапия қабылдап жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде