{metadescription}
Теміржол стансасының басшысы мен әкім орынбасары парамен ұсталды

Теміржол стансасының басшысы мен әкім орынбасары парамен ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Алтынкөл» теміржол стансасының бастығын ұстады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында Алтынкөл теміржол станциясының басшысының пара алу дерегі анықталды», - делінген хабарламада.

Ол халық тұтынатын тауарлар тиелген вагондарды кедергісіз кіргізу үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан 17,8 мың АҚШ доллары көлемінде жүйелі түрде пара алғаны үшін күдікке ілініп отыр. Аталған тауарлардың радиациялық көрсеткіші нормадан жоғары болған.

«Ағымдағы жылы 20 ақпанда күдікті ұсталып, Талдықорған қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Тергеу жалғасуда», - деді Ж.Бастарова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бұдан бөлек Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары өз кабинетінде парамен ұсталды. Ол жалпы білім беру мекемелерінің басшыларынан қамқорлығы үшін бірнеше рет пара алды деп күдікке ілініп отыр.

Ал Ақтөбе қаласында үш полицей бір азаматтың ұлын қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 300 мың теңге сомасында пара алған. Олар заңсыз ақша алу үстінде қолға түсті.   


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.