{metadescription}
Қызылордада 3 баласы уланып көз жұмған отбасына үй берілді

Қызылордада 3 баласы уланып көз жұмған отбасына үй берілді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Ақсуат ауылдық округінің тұрғыны Жәмилә Садуоваға жаңа пәтердің кілтін табыстады.

Бұл туралы  облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жабырқағанның жанынан табылу, шарасызға көмек қолын созу, қайырымдылық жасау - халқымыздың қанына біткен асыл қасиеттердің бірі. Өздеріңіз білесіздер, осыдан бірер ай бұрын, үш бірдей бүлдіршінімізден қапияда көз жазып қалдық. Бұл қайғылы жағдай тек бір отбасының ғана емес, тұтас елдің қабырғасын қайыстырып, еңсемізді түсірді. Бірақ, Алланың ісіне амал бар ма?! Халқымызда «Қайғыны бөліссең азаяды» деген сөз бар. Олай болса, сол үш бүлдіршініміздің анасы Жәмилә Сәдуова қарындасымызға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаладан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстағалы отырмыз», - деді аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қызылорда қаласы Махмұтов көшесіндегі жеке үйден өрт шығып, 2011, 2012 және 2014 жылы дүниеге келген үш бала иіс тиіп қаза тапқан болатын.

Дереккөз: Қазақпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде