{metadescription}
Телефонның жарығынан қыздың көзі күйіп қалған

Телефонның жарығынан қыздың көзі күйіп қалған

Тайваньда 25 жастағы хатшы Ченьнің телефонына хабарламалар жиі келген.

Сондықтан ол хабарламаларға көшеде жүргенде де жылдам жауап беру үшін телефонының жарығын барынша қатты етіп қойыпты. Алайда екі жылдан кейін оны тексерген дәрігерлер қайран қалды.

Бастапқыда Чень айтарлықтай ештеңе сезбеген. Алайда уақыт өте келе көзінің көруіне байланысты қиындықтар пайда болыпты. Оның көзі қызарып, қатты ауыратын боллған. Ол екі жылдан кейін дәрігерлерге жүгінуді ұйғарады. Сол кезде дәрігерлер оның көзін тексеріп, таңғалған.

Қыздың сол жақ көзінің қасаң қабығынан ұйыған қан табылған және көзінің көру қабілеті төмендеген. Ал оң көзінен 500-ге жуық тесік табылды. Ол көзінің көруі мүлде нашарлаған екен. Дәрігерлердің сөзінше, оның көзі «қысқа толқынды пеште күйіп қалғандай».

Телефонның ең жоғары жарығы 625 люмен таратқан. Ал дәрігерлер бұл көрсеткішті 300 люменнен асырмауға кеңес береді. Дәрігерлер Ченьге стероидты ем тағайындады. Жүргізілген ем-дом үш күннен кейін нәтиже бере бастады. Алайда қыздың көзі бұрынғыдай көретін бола ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.