{metadescription}
Студенттік жатақханаларда бөтен адамдардың тұратындығы анықталды

Студенттік жатақханаларда бөтен адамдардың тұратындығы анықталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына талдау мен бағалау жүргізетін арнайы мониторингтік топ елорда колледждерінің жатақханаларын тексерді.

Астананың 25 колледжіне жүргізілген тексеру нәтижесі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық департаментінің алқа мәжілісінде жария етілді.

«Тексеруде колледждердегі сынақ тапсыру процесі, құжат қабылдау, гранттардың әділ бөлінуі қадағаланды. Сонымен бірге, жатақханалар да назарға алынды. Жоғары медициналық колледжде оқытушы 12 шаршы метр бөлмеде өз отбасымен тұрып келген. Ай сайын 25 мың теңге төлеген. Өзге бөлмелерде 4 студент жылына 50 мың теңгеден төлеп тұрады», - деді Арнайы мониторингтік топ төрайымы, Астана ЖСДП Әйелдер қанатының мүшесі Жамал Доржығұлова.

Бұл ғимаратты төрайым жақын маңда орналасқан гуманитарлық колледж жатақханасымен салыстырды.

«Гуманитарлық колледж жатақханасы таза, жөнделген, онда студенттер шығармашылықпен айналысатын қосымша бөлмелер бар. Бір бөлмеде 2 студент тұрады, онда шкафтар мен тумбалар орнатылған. Мұндай бөлме үшін студенттер жылына 30 мың теңгеден 60 мың теңге береді. Ал медициналық колледждің ескі тар бөлмесі үшін 4 студент 200 мың төлейді», - деді Жамал Доржығұлова.

Ол көп табыс табатын жатақханалардың өз бағасына лайық болуы қажеттігін жеткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ондағы тұрмыстық бөлмелер мен буфеттер ескі жиһаз сақтайтын қойманың рөлін атқаруда. Мұндағы бірнеше бөлмеде бөтен адамдардың тұратынын байқадық. Балалардың аяқ киімі тұрған бөлмелердің есігін ешкім ашпады. Политехникалық колледж жатақханасының да жағдайы мәз емес. Жөндеу жұмыстары үшін студенттерден 2 500-3 000 теңгеден заңсыз ақша жиналған. Ол жақтан да бөтен тұрғындарды таптық және өрт қауіпсіздігі сақталмаған», - деді Жамал Доржығұлова.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.