{metadescription}
Қазақстандық каратеші Еуропада чемпион атанды

Қазақстандық каратеші Еуропада чемпион атанды

Словакияда каратэ-до спортынан халықаралық турнирде қызылордалық Әсемгүл Ердәулет чемпион атанды.

Ол осы жарыста 47 келі салмақта сынға түсті. Турнирде қызылордалық спортшы төрт кездесу өткізді. Оның барлығында жеңіске жетті. Әсемгүл жарыс барысында алдымен словакиялық қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті. Жарыстың келесі сатысында хорват қызын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Одан неміс спортшысын 1:0 есебімен жеңп, ақтық сайысқа жолдама алды.

Әсемгүл финалда чех қызынан басым түсті. Есеп 2:0. Осылайша ол аталмыш турнирде чемпион атанып, ел мерейін асқақтатып қайтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде