{metadescription}
Францияда «сары жейделілер» тағы да наразылық шарасын өткізді

Францияда «сары жейделілер» тағы да наразылық шарасын өткізді

Сенбі күнгі наразылық осымен он бесінші болды.

Оған ел бойынша 46 мыңнан астам адам қатысты. 23 ақпан күні сенбіде «сары жейделілер» көшеде көптеген «әрекеттерін» өткізді. Наразылықтардың 15-ші толқыны жаңа қозғалыстармен қабаттасты.

Республика ІІМ-нің хабарлауынша, демонстрацияға 46,6 мың адам қатысты. Париж көшелеріне 5,8 мың наразылық білдірушілер шыққан. Жалпы алғанда, француз астанасындағы бұл наразылықта ірі қозғалыстар болмаған, бірақ полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын заттар лақтырған.

Ірі тәртіпсіздік мына провинцияларда болған: Клермон-Ферран, Руан, Монпелье. Мәселен, Клермон-Ферранда, шамамен 2,5 мыңға жуық наразылық білдірушілер көшеге шыққан соң, билік органдары саябақтар мен қоғамдық ғимараттарды жабуға, концерттер мен спектакльдерді тоқтатуға мәжбүр болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде