Астана қаласының әкімі еденде өзі босанған әйел туралы сөз қозғады
Астанада Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінің кезекті отырысы болып өтті.
21:00 26.02.2019
Жиын барысында жақында жасөспірімнің қаладағы құдықтардың бірінде қаза болуына орай уәкілетті тұлғалардың жауапкершілігі туралы сөз болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бақыт Сұлтанов 19 ақпандағы №2 перинаталдық орталықта болған жан түршігерлік оқиғаны тілге тиек етті. Орталықтың босану бөлімінде келіншек дәрігерлердің көмегінсіз, өзі еденде босанып қалды.
«Абырой болғанда бала мен ананың денсаулығына зиян келмеген. Бірақ, бұл жағдай ерекше бақылауға алынуы тиіс деп ойлаймын», Мұндай оқиғалар жүйесіздіктің салдарынан орын алған», – деді осыған байланысты Сұлтанов.
Сонымен қатар, ол 2018 жылы босану кезінде сегіз әйелдің қайтыс болғанын, оқиғалар санының 2017 жылғы көрсеткіштен төрт есе жоғары екендігін алға тартты.
«Мұндай жағдайдың орын алғаны, рас. Босанушы 18 ақпанда келді. 19 ақпанда оның толғағы күшейе түсті. Сағат 12-де бөлімше меңгерушісі оны қарағанда, ол босану бөлімшесінде болған. Ол жылдам босанды. Бұл күні бөлімшеде 37 әйел туды. Осы уақытта үш акушер төрт әйелді босандырып жатқан болатын. Сондай-ақ, бөлімде күрделі операция жасалып жатты. Оған дәрігерлеріміздің барлығы жұмылдырылған болатын. Не десекте, бұл жағдайда олқылықтар бар»– деді А.Рүстемова.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!