{metadescription}
12 жасар қыз баланың асқазанынан скотч, қалам мен темір алынды

12 жасар қыз баланың асқазанынан скотч, қалам мен темір алынды

Ақтауда облыстық аурухана хирургтері 12 жастағы қыздың асқазанынан бір уыс шаш, қалам мен жабыстырғыш скотч алып шықты.

Облыстық балалар ауруxанасына Жаңаөзен қаласынан балалардың сал ауруына шалдыққан, психикалық дамуында ахуалы бар 12 жастағы қыз ауыр xалде түскен.

«Дәрігерлердің дер кезінде ота жасағанының көмегімен қыздың асқазаны тазартылды. Қажетсіз темір, қалам, скот, бір уыс шаш алынды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ата-анасы іші ауырып, құса беретінін айтқан. Дәрігерлер оның құрсақ қуысын рентгенге түсірген. Нәтижесінде баланың асқазанында түрлі бөгде заттар бары анықталған. Дереу ота жасалып, ішінен  темір зат, қалам, скотч, шаш шыққан.

«Отадан кейін асқынулар болған жоқ. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде