{metadescription}
140-қа жуық баланы құрбандыққа шалып, олардың жүрегін кесіп тастаған

140-қа жуық баланы құрбандыққа шалып, олардың жүрегін кесіп тастаған

Перуде ХҮ ғасырдың ортасында су тасқынының алдын алу үшін құдайларға құрбандық ретінде өлтірілген балалардың үлкен көрі табылды.

Бұл адамзат тарихындағы ең ірі бала құрбандықтың бірі: ритуал кезінде 5 жас пен 14 аралығындағы ұл, қыздардан кем дегенде 137 бала өлтірілген, арасында 3 ересек адамдар да кездеседі. Сондай-ақ 200-ге жуық ламалар немесе альпакалар да құрбан болған.

Археологтар қазба жұмыстары маңынан ритуал жүргізгенде қолданатын пышақты тапқан. Барлық айғақ-дәлелдерге қарағанда алдымен балаларды кеуде тұсынан  қатты соққы беріп, өлтірген. Одан кейін құрбанның жүрегін кеудесінен кесіп алған. Дәл осындай құрбандық жануарларға да жасалған. Инкалардың құрбандық шалу дәстүрі бойынша балаларға алькоголь мен коко ішкізіп барып өлтірген. 

Алайда, үш ересек адамның тағдыры басқаша. Олар бір қабірге жерленген. Бір еркек, екі әйел. Олардың бас сүйегін сындыру арқылы азаптап өлтірген. Құрбандық шалудың салт-жоралғысын орындаулың нұсқасы бар (құрбандыққа шалынған ересек адам, өте бойшаң және физикалық  тұрғыдан дамып кеткен). Бірақ құрбандыққа шалып болған соң ешқандай ритуалсыз мәйіттен құтылып отырған. 

Қалдықтарды тазалау барысында  балалардың арнайы таңдап алынғанын байқауға болады. Олардың көпшілігі алыс аймақтардан союға арнайы жеткізілген. Археологтар жұмысының қорытынды нәтижелері сәрсенбіде PLOS One журналында жарияланды.

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.