{metadescription}
СҚО-да ер адам өрттен қаза тапты

СҚО-да ер адам өрттен қаза тапты

СҚО Тайынша ауданы Петровка елді мекенінде үй өртеніп, 52 жастағы ер адам қаза тапты.

Өрт жайында хабар наурыздың 12-сі күні түскі бір жарымдар шамасында түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде сабаннан жасалған үй лапылдап жанып жатыр екен. Тлсіз жауды ауыздықтауға 1 техника мен 3 өрт сөндіруші жұмылдырылды.  Үйден ер адамның жансыз денесі табылды.

Өрттің жалпы аумағы - 7 шаршы метр. Баспананың қабырғасы бүлініп, төбесі жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша өрт - электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, дәл осы үй осыдан алты жыл бұрын да жалынға оранған екен. Ол жолы үй иесі мас күйінде шылым шегіп, арты өртке ұласқан. Ал ақпан айында өрт сөндірушілер осы елдімекенде үй-үйді аралап, соның ішінде қаза тапқан тұрғынмен де кездесіп, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар берген. Жалпы, СҚО-да жыл басынан бері 130 өрт тіркеліп, 9 адам мерт болды, 6-ы түрлі дене жарақатын алды.   

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде