{metadescription}
Қостанайда арақ ішкен екеудің отырысы өліммен аяқталды

Қостанайда арақ ішкен екеудің отырысы өліммен аяқталды

Қостанай қаласының Кочубей көшесіндегі үйден кісі мүрдесі табылды.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Көршілердің сөзінше, Кочубей көшесіндегі пәтерде 78 және 38 жастағы ер адамдар спирттік ішімдік ішкен. Соңында араларында жанжал туындайды.

«78 жастағы ер адам 38 жастағы азаматтың қолынан мерт болды. Қылмыстық іске қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өлімнің нақты себептері анықталуда. Күдікті азамат қамауға алынды», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.  

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде