{metadescription}
Ақтөбеде екі қолынан айырылған оқушының отбасына үй берілді

Ақтөбеде екі қолынан айырылған оқушының отбасына үй берілді

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының әкімдігі екі қолынан айырылған Дамир Фактулиннің отбасына үй берді.

Шалқар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «Қамқорлық» акциясы аясында аудан әкімі Бауыржан Қаниев электр тогына түсіп, екі қолынан айырылған Дамир Фаткулиннің анасы Гүлмира Фаткулинаны жеке қабылдады. Отбасының пәтер кезегінде тұрғаны ескеріліп, орталықтандырылған су құбыры, газы бар 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

«Аудан бізге үй берді. Үйіміз өте жайлы. Қазір ұлым Дамир ауызша сабаққа қатысып жүр. Баламды сауықтыру орнына апарып, денсаулығын жақсартып алғым келеді. Қолына 1-2 жыл өтпей протез салынбайды. Әлі де ауырып, іріңдеп тұр. Дәрігерлердің бақылауында болады. Қаржы жинап, протезді Ресейде салдырғымыз келеді», - деді Г.Фактулина.

Еске салсақ, Дамир Фактулин трасформатордың ішіне кіріп, екі қолы күлге айналды. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, мектеп директорының орынбасары мен электрик кінәсіз деп танылды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.