{metadescription}
Екі бала босанған әйел таз болып қалды

Екі бала босанған әйел таз болып қалды

Ұлыбританияның Маргит қаласының тұрғыны екі баласын дүниеге әкелгеннен кейін тақырбас болып қалғанын мойындады.

Рима Тейсен 2016 жылдың наурыз айында ұлы дүниеге келгеннен кейін алғаш рет шашы түсе бастағанын айтады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін шашының түсуі тоқтаған. Алайда 2017 жылдың қыркүйек айында қызын босанғаннан кейін жағдайы нашарлап кетіпті. 2018 жылдың тамыз айында 37 жастағы әйелдің денесіндегі соңғы түгі түсіп қалған.

Бастапқыда шашының көптеп түсіп жатқанын байқаған әйел ғаламтордан босанғаннан кейін мұндай жағдай болып тұратынын оқыған. Алайда екінші баласы туылғаннан кейін Риманың шашының жылдам түсе бастағаны сонша, орнына жаңа шаш өсіп үлгермепті. Өз жағдайына алаңдаған Тейсен терапевт дәрігерге барғанымен, ол әйелдің шағымына мән бермеген. 

2018 жылдың мамыр айында әйел басындағы қалған шашын қырып тастап, оны қатерлі ісіктен зардап шегетін жасөспірімдерге жасанды шаш жасап беретін орталыққа өткізіпті. Бастапқыда Тейсен тақырбас болып қалғанына қысылып, парик кие бастаған. Алайда артынша шашының жоқтығын жасырмауды ұйғарыпты. Бұл орайда оны күйеуі мен туыстары қолдаған.

Әйел 2018 жылы декреттік демалыстан  жұмысқа шыққаннан кейін оның қасы мен кірпіктері түсе бастайды. Ал жаздың соңында денесіндегі соңғы түгі түсіп қалған. Тайсен жасанды кірпік жапсыртып, қасына татуаж жасатуға мәжбүр болыпты. 

Дәрігерлер оның мұндай жағдайын алопеция деп түсіндірді. Яғни мұндай аутоиммундік ауру кезінде иммундық жүйе шаш түйіншесінің жасушаларына шабуылдайды. Әдетте, алопецияға шалдыққандардың шашы мен денесіндегі түктер қайтадан өспейді. 

«Арада бірнеше ай өтті, ал шашымның өсетін түрі жоқ. Мен ендігі шашымның қайтып өспейтінін түсіндім. Бірақ шашымды сағынбаймын», - дейді Тейсен. 
Өз сөзінде ол ерекше шаш үлгісі үшін өзіне қошемет сөздері жиі айтылатынын және кей кездерде ғана парик киетінін айтты. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.