{metadescription}
Түркістан облысында жол апатынан жүргізушімен 3 бала көз жұмды

Түркістан облысында жол апатынан жүргізушімен 3 бала көз жұмды

Самара автожолының 115 шақырымында болған жол апаты төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Олардың үшеуі - кәмелекеттік жасқа толмаған балалар.

«Бүгін Шымкент - Самара автожолының 115 шақырымында «Нексия»  жеңіл автокөлігі мен «Хендай старекс» минивэні соқтығысты. Жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 2014 жылы туған екі бала мен  2004 жылы туған жасөспірім медициналық мекемеге барар жолда көз жұмды», - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, «Нексия» көлігінің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды. ҚР ІІМ хабарлауынша, оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшысы бара жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.