{metadescription}
Базарда жарылыс болып, 2 адам мерт болды

Базарда жарылыс болып, 2 адам мерт болды

Пәкістан базарында жарылыс болып, екі адам қаза тапты.

Пәкістанның батысында орналасқан Панджгур қаласындағы базарлардың бірінде болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, жеті адам жарақат алған. Телеарна мәліметіне сүйенсек, жарылыс қала ішіндегі Чаткан базарында болды. Қолдан жасалған жарылғыш құрылғы мотоциклге орнатылған.

Төтенше жағдай салдарынан мотоциклдің маңында орналасқан бірнеше көліктер қираған. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері аумақты қоршауға алды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.