{metadescription}
Мешітте ер адам атыс шығарып, 27 адам қаза тапты

Мешітте ер адам атыс шығарып, 27 адам қаза тапты

Белгісіз біреулер Жаңа Зеландиядағы екі мешіттің келушілеріне оқ атты.

Қазіргі уақытта атыс салдарынан кемінде 27 адамның көз жұмғаны расталып отыр. Бұл жөнінде Otago Daily Times хабарлады. Белгілі болып отырғаны, екі ер адам Крайстчерч қаласы мен Линвуд қала маңындағы елді мекеніндегі мешіттерге күндізгі намаздан кейін ондағы келушілерге оқ атқан. 

Полиция комиссары Майк Буш бір күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Бірақ, оның айтуынша, қалада басқа да қаскөйлер жүруі мүмкін. Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн бұл оқиғаларды ел тарихындағы ең қаралы күндер деп атады.

Дәрігерлер 40-50 шамасындағы зардап шеккендерді қабылдауға дайындалуда. Оқиға орын алған кезде мешітте 300 жуық адам болған. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.