{metadescription}
Астанада 13-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Астанада 13-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елордада биік үйдің төбесінен секірмек болған келіншекті аман алып қалған құтқарушыны марапаттады.

«Бүгін ҚР ІІМ орынбасары Юрий Ильин Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес адам өмірін құтқару барысындағы батылдығы, батырлығы және жанкештілігі үшін ҚР ІІМ ТЖК Орталық өңірлік аэромобильді құтқарушылар жасағының бас құтқарушысы Мақсат Имашевті «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапаттады», - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз елордада 13 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған келіншек құтқарылғанын айтқан еді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері келіншекті сөзге тартып тұрған сәтте құтқарушы үй шатырының күнқағарына түскен.

«Келіншектің ту сыртынан байқатпай келген құтқарушы оны ұстап үлгерді. Осы сәтте көмекке келген полиция қызметкерлерімен бірге келіншекті құтқарып, төмен түсірді. Әйел мұндай қадамға жұбайымен ажырасқаннан кейін барған», - деді Нұрділдә Ораз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде