{metadescription}
Мақталы таяқшамен құлағын тазалаған ер адамның миында ірің пайда болған

Мақталы таяқшамен құлағын тазалаған ер адамның миында ірің пайда болған

Ұлыбританияда ер адам құлағын мақталы таяқшамен тазалаймын деп миын зақым келтірген.

31 жастағы ер адам терапевтке сол құлағының қатты ауыратынын айтып шағымданған. Ол құлағы қатты мазалап жүргенін және бұл дертіне бас ауруы, жүрек айнуы мен құсу қосылғанын айтқан. 

Терапевт оған құлақ инфекциясына қарсы дәрі жазып берген. Алайда, дәрі көмектеспегеннен кейін ер адам есінен танып қалып, ауруханаға жеткізілген. Ер адам адамдардың есімін әрең есіне түсіріп, біртүрлі халде болғанын айтады. Сондай-ақ, ол соңғы 5 жылда сол құлағы нашар естігенін жеткізген.

Емделушіге компьютерлік томография жасалып, оның миында ірің жиналып қалғаны және есту жолында бөгде зат тұрғаны анықталған. Дәрігерлер тиісті ота жасап, бұл дерттің туындауына мақта қалдығы себепші болғанын анықтаған. 

Отадан кейін он апта өткен соң емделушінің жағдайы жақсарған. Ер адамды құлағының ауруы мазаламайтын болған. Ендігі ол құлағын мақталы таяқшамен тазаламауға уәде берді.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде