{metadescription}
Маңғыстаулық дәрігерлер адамның миына күрделі ота жасады

Маңғыстаулық дәрігерлер адамның миына күрделі ота жасады

Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирург дәрігерлері Түпқарағандық әйелдің оң жақ шекесіне ота жасады. 

МО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер облыстық ауруханаға басы қатты ауырып, сөйлей алмай, жалпы әлсіздікпен түскен. Мамандар оның денсаулығын толық тексеріп, жедел нейрохирургия бөлімшесіне жатқызып, ота жасалу керек деп шешті. 

Нәтижесінде операция сәтті аяқталып, асқынулары мен ісік алынып тасталды. Содан соң, нейрохирургия бөлімшесі дәрігерлерінің көмегімен науқастың бас миының қызметі жақсарып, әйел адам бірнеше күннен соң үйіне шығарылған.

Дереккөз: Қазақпарат

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде