{metadescription}
БҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды

БҚО-да жол апатынан екі адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам мерт болды.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 наурыз күні сағат 09.50 шамасында Самара-Шымкент автожолында Бәйтерек ауданы Погодаев ауылы тұсында болды. «Фольксваген» автокөлігінің 1962 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, қарсы бетке шығып кеткен.

Салдарынан қырғызстандық азаматтың басқаруындағы «Вольво» жүк көлігімен соқтығысқан.   Жол апатынан «Фольксвагеннің» 57 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы - 1994 жылғы жігіт Оралдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде