{metadescription}
Алматыда 2011 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Алматыда 2011 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Ол "Қылмыстық топ құру" және "Бопсалау" баптары бойынша халықаралық іздеуде болған. 

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан ІІМ бірлескен жедел іс-шараларын жүргізу барысында 1971 жылы туған қылмыс әлемінің серкесі ұсталып, қамауға алынды. Қырғызстан Қылмыстық милиция қызметінің хабарлауынша, Шу облысында туған ер адамға 2011 жылдың тамыз айында Интерпол арқылы халықаралық іздеу салынған.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің белсенді мүшесі ретінде жедел тіркеуде тұрған. Оған "Қылмыстық топ құру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылып отыр.

Ұсталған адам тонау, қарақшылық, ірі көлемде ақша жымқыру, атыс қаруын заңсыз ұстау, адам ұрлау, бопсалау қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған. Қылмыс әлемінде беделі жоғары, бұрын "смотрящий" деген қылмыстық мәртебені иеленген, деп хабарлады АКИpress. Ол Қырғызстан қылмыстық ортасының лидері – қырғыздардың арасынан шыққан алғашқы "қылмыс әлемінің серкесі" Қамшыбек Көлбаевпен бір камерада жазасын өтеген.   

Дреккөз: Sputnik
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.