{metadescription}
Екатерина Айдова Калгари турнирін жеңіп, рекорд орнатты

Екатерина Айдова Калгари турнирін жеңіп, рекорд орнатты

Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіру спортынан өткен халықаралық турнир аяқталды.

Қазақстандық Екатерина Айдова жарыстың жаңа рекордын қойды. Жарыста 27 жастағы қазақстандық спортшы Екатерина Айдова 1 500 метр қашықтықты 1.53.53 уақытымен еңсеріп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Бұған қоса турнирдің жеңімпазы атанды.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстаннан барған Александр Кленко сегізінші, Демьян Гаврилов - 11, Дмитрий Морозов - 14, Виталий Щиголев - 16, ал Иван Аржаников 25-орынмен шектелді. Жаппай жарыста Гаврилов құрама қоржынына тағы бір алтын медаль салды. Жарыс қорытындысы бойынша Айдова үздік шетелдік спортшы атағын иемденді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде