{metadescription}
Ғизат Нұрдәулетов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды

Ғизат Нұрдәулетов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанның бас прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ол бұл қызметті 2017 жылдың 11 желтоқсанынан бері атқарып келген Қайрат Қожамжаровты ауыстырды.

"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының бас прокуроры болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.

Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған. 1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды.

2016 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды. 2017 жылы шілде айынан бастап соңғы тағайындалуына дейін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде