{metadescription}
Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Ақтөбедегі Мұнайлы ауданында жол-көлік оқиғасы болып, 3 адам қаза тапты.

«Бүгін сағат 08:00-де «Жаңажол-Северная Трува» жолында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Күзет қызметіне тиесілі «ПАЗ» автобусы мен су таситын «Урал» маркілі көлігі соқтығысты. Соның салдарынан автобус жүргізушісі мен 2 жолаушы көз жұмды. Сонымен қатар, 9 жолаушы мен «Урал» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегеновтің айтуынша, қазір жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендердің бәрі Кеңқияқ ауруханасында жатыр.

«Темір аудандық ауруханасынан жылжымалы мобильді топ кетті. Құрамында реаниматолог, хирург, травматолог, невропатолог, рентгенолог бар. Бәрі қарап, тиісті ем жүргізеді. Олардың жарақаты әртүрлі. Үш адам оқиға орнында көз жұмғаны белгілі. Тасымалдауға мүмкіндк болса орталыққа әкеледі. Бір адамның жағдайы ауыр», - деді Есентемір Демегенов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде