{metadescription}
Павлодарда ер адам екі баланы соққыға жықты

Павлодарда ер адам екі баланы соққыға жықты

Зардап шеккен сегіз және тоғыз жастағы ұлдар ауруханаға жатқызылды.

Оқиға туралы агенттік әлеуметтік желілерден хабардар болды. Facebook пайдаланушысы Антон Чашин оқиға сенбі күні Екінші Павлодар ауданында, балалар алаңында болғанын жазады.

Павлодарлықтардың болжамынша,  «қаңғыбас балаларды кәріздік коллекторға сүйреткен. Дәл сол кезде қаңғыбаста  эпилепсия белгілері басталып, балалар қашып кеткен». Facebook пайдаланушысы болған оқиға туралы Екінші Павлодар тұрғындарынан білгенін айтады. Павлодар облысының полиция департаментінде сенбі күні оқиға орын алғандығын растады, алайда тергеу мүддесі үшін мәліметтер жарияланбайды.

- 16 наурыз күні сағат 23:00-де полицияға Минин көшесіндегі үйдің жанында белгісіз адам бұзақылық ниетпен кәмелетке толмағандарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен. Бұл факті полицияда тіркелген. Полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.  Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталуда. Нәтижелері бойынша түпкілікті  процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады департаментте агенттіктің ресми сұрауына берген жауабында.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2009 және 2010 жылдары туған балалардың жарақаттанғанын растады.

- 16 наурыз күні сағат 18:20-да жедел жәрдемге шақыру келіп түсті. Екі ұл балада жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, көптеген гематомалар, бас пен беттің шаш бөлігінің жарылуы, сондай-ақ жұмсақ тіндердің зақымдануы анықталды. Қазіргі уақытта пациенттер жағдайының   ауырлығы орташа, яғни балалар қатты қорқып қалған. Ұл балалар ауруханаға жатқызылып, барлық қажетті ем алады, - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.