{metadescription}
Шымкентте мектеп оқушылары уланып, ауруханаға түсті

Шымкентте мектеп оқушылары уланып, ауруханаға түсті

Оқиға салдарынан 37 оқушы мен 1 мұғалім және 1 еден жуушы жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген.

Күндізгі сағат 16:53-тер шамасында №54 мектепте 25 адам белгісіз иістен уланып қалған. Балалардың басы айналған. Оқу орнында негізінен екінші ауысымдағы  4-7 сынып оқушылары болған.

Мектептен мыңдаған адам эвакуацияланған. Олардың 800-ден астамы - оқушы. Білім басқармасының хабарлауынша, мектепте газ болмаған және жылу құрылғылары тоқтатылған. Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала болжамы бойынша, иіс мектеп аумағына сырттан келуі мүмкін.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше токсикологиялық орталыққа барлығы  39 адам түскен. Олардың екеуі ғана ересектер. Дәрігерлік тексеруден кейін 34 оқушы  үйіне қайтарылған. Оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр. Иістің қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.