{metadescription}
Атыраулық жүкті әйел үйде босанып қалды

Атыраулық жүкті әйел үйде босанып қалды

Атыраулық 32 жастағы жүкті әйел дәрігерлердің көмегінсіз үйінде босанып қалған.

18 наурызда 1987 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны толғағы басталған кезде, перзентханаға барудан бас тартқан. Толғақ кезінде жүкті әйелдің қасында жолдасы мен енесі болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының акушерлік және босану бөлімінің меңгерушісі Ұлжан Мұхтарованың айтуынша, жүкті әйелдердің көбі заман ағымына қарай үйде босануды қолдайды. Қазір Еуропа мен Ресейде үйде босану жағдайларын таңдайтындар көбейген.

Алайда, оқиға дәрігердің жіті бақылауында болады. Айта кетейік, облыста үйден босану жағдайлары бойынша 2017 жылы - 52, былтыр  - 36, биыл жыл басынан бері 7 жағдай тіркелді. Абырой  болғанда, ешқайсымен қайғылы жағдай тіркелмеген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.