{metadescription}
Алматы облысында 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Алматы облысында 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Алматы облысында үш жасар қыз бала төртінші қабаттың балконынан құлап кетті.

Оқиға Текелі қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 ақпан күні екі учаскелік полицейден жергілікті 29 жастағы әйел көмек сұраған. Анықталғандай, қолындағы кішкентай бала анасы жоқ кезде балконға шығып, төртінші қабаттан құлап кеткен. Полицейлер баланы қызметтік көлігімен ауруханаға жеткізді», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Үш жасар баланы жағдайы ауыр болғанына қарамастан дәрігерлер құтқарып алып қалды. Алайда сәбидің жағдайы сонда да ауыр. Бүгін дәрігерлер оны Талдықорғанның ауруханасына ауыстыруды жоспарлап отыр. 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.