{metadescription}
Денис Тенді өлтірген жерде тағы бір жұлдыздың айнасын ұрлап кетті

Денис Тенді өлтірген жерде тағы бір жұлдыздың айнасын ұрлап кетті

Әнші, актриса Рано Умарованың көлігінен айна ұрланды.

Ол көлігін Денис Теннің қайғылы оқиғасы болған жерге жақын тұста қалдырып кеткен. Әнші болған жағдайды өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Денис Тен көлігінің айнасы ұрлануына қатысты қайғылы жағдай жақында ғана болған сияқты еді. Тексерулер жүргізіліп, алдын алу шаралары жасалса да, айна ұрлау әлі жалғасуда. Өткен демалыстарда, тура сол жерде, сол көше қиылысында, 50 метр жер жетпей, менің көлігімнің айнасын алып кетті. Бәрін кесіп әкеткен, корпусын түгел. Екінші айнаны алып үлгермеген, себебі мен 20 минуттан кейін шықтым! Егер жалғыз болсам, не болар еді? – деп жазды әнші әйел", - дейді Рано.

Өнер иесінің сөзінше, полицейлер оқиға орнына тез келген, өте сыпайы болған. Алайда олар ол жерде камера бар-жоғын білмеген. Раноның айтуынша, қылмыскерлер табылмайды, десе де табылып қалар деген үміт-те жоқ емес.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.