{metadescription}
Маңғыстауда екі қыздың үстіне әткеншек құлап кетті

Маңғыстауда екі қыздың үстіне әткеншек құлап кетті

Маңғыстауда қыздардың үстіне «Алтыбақан» құлап кеткен.

Салдарынан жарақат алған қыздар Маңғыстау облысық балалар ауруханасына жедел түрде жеткізілді деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Әткеншек құлаған қыздардың бірі ауруханаға ес-түссіз жеткізілді. Қазіргі уақытта екеуінің жағдайы бірқалыпты.

2010, 2013 жылы туған қыздар жабық бас-ми және іштің ауыр жарақатын алған. Қыздардың ата-аналарының айтуынша, олар әткеншекте басқа балалармен бірге ойнаған. Сол уақытта ауыр салмақты көтере алмаған әткеншек қыздардың үстіне құлапты.

«Балалар ауруханасы дәрігерлерінің жылдам әрекет етулерінің арқасында қыздардың жағдайы жақсарды. Олар қазір травматология бөлімінде жатыр. Аз уақыттан соң үйлеріне жіберіледі», – дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

19 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.